24.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық боксшының қарсыласы анықталды

Қазақстандық боксшының қарсыласы анықталды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жараспек Ерсұлтанның келесі жекпе-жегінің уақыты мен қарсыласы белгілі болды, – деп хабарлайды Спорт Пульс.

26 сәуірде Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында Akhmat Fight Promotion компаниясының ұйымдастыруымен өтетін кәсіпқой бокс кешінде Жараспек Ерсұлтан жергілікті боксшы Даниил Кимге қарсы шаршы алаңға шығады.

Айта кетейік, «Таразский пантера» лақап атымен танымал боксшы кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегін осыдан бір жыл бұрын Асадбек Бабакуловқа қарсы өткізіп, жеңіске жеткен болатын.