Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық боксшылар жастар ЧА-да 10 алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық боксшылар жастар ЧА-да 10 алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы — жастар арасындағы Азия бокс чемпионатының абсолютті көшбасшысы.

Финалдық жекпе-жектерде қазақстандық боксшылар тамаша нәтиже көрсетті — он алтын медаль.

Азия чемпиондары атанғандар:

  • Нұрхан Құмарбеков (48 кг)
  • Досымжан Танатар (51 кг)
  • Алдияр Бахадур (54 кг)
  • Нығман Негмет (57 кг)
  • Әділет Төртөбек (60 кг)
  • Мұхит Нұрқабылұлы (63.5 кг)
  • Сұлтан Тұрдалы (67 кг)
  • Игорь Соловьев (80 кг)
  • Расул Асанханов (92 кг)
  • Бексұлтан Қайратұлы (+92 кг)

75 кг салмақта күміс медальді Жасұлан Бердалы, ал 86 кг санатта қола медальді Нұрсұлтан Қыстаубай жеңіп алды.