07.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық боксшылар WBC Гран-приіне қатысады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар «WBC» мен «Турки Аль аш-Шейх» ұйымдастырған алғашқы Гран-при турниріне қатысады.

Гран-приге шақырту алған «Қазақстандық» боксшылар:

  • Жолдас Женисов (7-0, 3 КО)
  • Нурканат Райыс (1-0, 0 КО)
  • Санатали Тольтаев (2-0, 1 КО)
  • Нуржан Серикбаев (5-0-0, 5 КО)

Бұл турнир Сауд Арабиясында өтеді және бес бокс кешін қамтиды. Жарысқа әлемнің 41 елінен 128 боксшы қатысады. Турнир төрт салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылады.

Қазақстандық спортшылардың қатысуы ел боксшыларының халықаралық деңгейдегі мүмкіндіктерін тағы бір мәрте көрсетпек.