Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында 11 миллион теңгеден астам ақша жеңіп алды

Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатында 11 миллион теңгеден астам ақша жеңіп алды

Қазақстанның бокстан жастар құрамасы — Коломбодағы Азия чемпионатында 24 медаль жеңіп алып, тамаша өнер көрсетті.

Ерлер арасында алтын медальді: Нұрхан Құмарбеков (48 кг), Досымжан Танатар (51 кг), Алдияр Бахадұр (54 кг), Нығман Нығмет (57 кг), Әділет Төртөбек (60 кг), Мұхит Нұрқабылұлы (63,5 кг), Сұлтан Тұрдалы (67 кг), Игорь Соловьев (80 кг), Расул Асанханов (92 кг) және Бексұлтан Қайратұлы (92+ кг) жеңіп алды.

Әйелдер арасында чемпион атанғандар: Айым Таңкибаева (48 кг), Сила Біболсынқызы (50 кг), Рахмина Әбдімежитова (52 кг), Жәнел Имантаева (54 кг), Ақнұр Тұрсынғали (57 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг), Алина Құдайгенова (63 кг), Ақбота Есімбекова (66 кг), Мария Сидоренко (70 кг), Зарина Толыбай (75 кг), Құралай Егінбайқызы (81 кг) және Сабина Жақсылық (81+ кг).

Құрама қоржынына күміс медальді Жасұлан Бердалы (75 кг), ал қола медальді Нұрсұлтан Қыстаубай (86 кг) салды.

Азия бокс конфедерациясы жүлде ақшаларын былай белгіледі: алтын медаль — 506 мың теңге, күміс — 253 мың теңге, қола — 126,5 мың теңге. Құраманың жалпы жүлде қоры 11,5 миллион теңгені құрады.