Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық боксшылар Амманда Азия чемпионатында 44 медаль жеңіп алды

Қазақстандық боксшылар Амманда Азия чемпионатында 44 медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Амманда өткен бокстан Азия чемпионатының медаль санағында сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Shaiba.kz. Бұл турнир — World Boxing қолдауымен өткен алғашқы құрлықтық жарыс.

15 және 17 жасқа дейінгі жас санаттарындағы қазақстандық боксшылар тамаша нәтиже көрсетті — жалпы саны 44 медаль жеңіп алды.

  • 16 алтын медаль
  • 15 күміс медаль
  • 13 қола медаль

Өзбекстан құрамасы 42 медальмен (15-15-12) екінші орынды иеленсе, Үндістан командасы 43 медальмен (15-6-22) үшінші орынға тұрақтады. Үздік бестікке сондай-ақ Украина (5-7-24) мен Иран (1-5-5) енді.

Жарысқа 18 елдің жас спортшылары қатысты — ауқымды турнир жасөспірімдер боксының әлемінде маңызды оқиғаға айналды.