10.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық боксшылар әлем чемпионатында рингке шығады

Бүгін Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық құраманың екі өкілі өз бақтарын сынайды.

Күндізгі сессияда Жайна Шекербекова 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде «IBA Fair Chance Team» командасының намысын қорғайтын боливиялық Джускарли Патрисия Бесерра Монтесиноспен кездеседі.

Кешкі жекпе-жектерде Анита Әдішева 52 келіге дейінгі салмақта мексикалық спортшы Эсмеральда Жасмин Патиньо Хуареспен 1/16 финалда бақ сынайды.