14.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық боксшы Чилидегі дау тудырған жекпе-жек туралы айтты

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас (13-1, 6 КО) чилилік спортшы Даниэла Асенхомен (16-4-3, 2 КО) өткізген даулы жекпе-жегі туралы әңгімеледі.

Instagram парақшасында қазақстандық спортшы бір жарым жыл бұрын өткен жекпе-жек туралы естеліктерімен бөлісті:

«Бұл маған жеңіс берілмеген жалғыз жекпе-жек болды — WBC Silver белбеуі үшін Чилиден келген қарсыласпен өткен күрделі 10-раундтық кездесу. Ол жақында әлемнің абсолют чемпионымен жұдырықтасқан еді. Рингке шығуға он минут қалғанда тізенің алдыңғы крест тәрізді байламы үзілді бірақ мен жекпе-жекті тоқтатпадым. Төрешілердің қағаздары бойынша мен он раундтың жетеуін жеңіп алдым алайда рефери менің қолымды көтергеннен кейін кенеттен шешімін Асенхоның пайдасына өзгертті».

Спортшы сондай-ақ, бұл жекпе-жек оның мүмкіндіктерінің шегін көрсеткенін атап өтті — ауыр жарақатпен ол барлық раундты өткізе алды және әділдікті қалпына келтіру үшін реванш алуға ниетті.