Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Қазақстандық боксшы Бибосынов Хабаровскідегі турнирдің финалына шықты

54 килограмм салмақ дәрежесіндегі қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Хабаровск қаласында өтіп жатқан Константин Коротков атындағы халықаралық турнирдің финалына жолдама алды.

Жартылай финалда қазақстандық боксшы өзбекстандық Фарёзбек Дусматовпен кездесті — төрешілердің бірауызды шешімімен біздің боксшы жеңіске жетті.

Бибосыновтың қарсыласы атақты Хасанбой Дусматовтың туған бауыры екені қызық. Екі дүркін олимпиада чемпионы ширек финалда бауырымен кездесуі керек еді, бірақ жарыстан шығып қалды.

Сәкен Бибосыновтың жетістіктері арасында 2021 жылғы әлем чемпионатының алтын медалі, Токио Олимпиадасының қола медалі, сондай-ақ Азия чемпионаттарының күміс және қола жүлделері бар.