04.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық боксшы Бангкокта пәкістандықты нокаутпен жеңді

Sportnews.kz хабарлауынша өткен демалыста Бангкокта (Тайланд) өткен кәсіби бокс кешінде жастар арасында Азия жүлдегері қазақстандық Армат Арманұлы кәсіби рингтегі үшінші жекпе-жегін өткізді.

Кештің басты оқиғаларының бірінде Арманұлы пәкістандық Хабиб Ур Рехманмен орта салмақта (72,6 кг) кездесті; жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған болатын.

«Бұл мен уәде еткен сол сюрприз. Біраз шоу көрсеткім келді онымен айналыстым. Ал Жаратқанға шүкір ешқандай мәселе болған жоқ. Шынын айтқанда мен қарсыласымды қысып сындыра бастағанда ол шыдамады» — деді Арманұлы.

Қазақстандық боксшы жекпе-жекті созбады — 2-ші раундта-ақ қарсыласын техникалық нокаутқа жіберді. Арманұлының кәсіби рингтегі көрсеткіші енді: 2 жеңіс (1 нокаутпен) және 1 жеңіліс.