Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатында қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы Азия чемпионатында қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді

92 келі салмақ дәрежесіндегі қазақстандық боксшы Азатбек Жолдасхан жастар арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалында жарқын жеңіске қол жеткізді.

IBA командасын білдіретін пәкістандық спортшы Абдула Муджахидпен қарсыласуда қазақстандық боксшы тамаша техника көрсетті — қарсыласы бірінші раундта-ақ нокаутқа түсті.

Жолдасханның соққысы соншалықты дәл және күшті болды — медициналық қызметкерлерге пәкістандық боксшыны рингтен зембілмен алып шығуға тура келді.

Енді қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы құрлықтық біріншіліктің финалында алтын медаль үшін күресін жалғастырады.