13.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас әлемдік рейтингте көтерілді

Boxrec.com мәліметі бойынша, қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас (13-1, 6 КО) әлемдік рейтингтегі позициясын жақсартты.

Супер-жеңіл салмақта спортшы 13-ші орыннан 12-ші орынға көтерілді. Бұл оның табысты өнер көрсетуінің нәтижесі болды. Атап өту керек, статистикада әзірге оның Венесуэладан келген Джоана Суньигадан (18-9-1 11 КО) бірауызды шешіммен жеңіске жеткені есепке алынбаған.

Лукастың аталған порталдағы соңғы ресми-тіркелген жетістігі нигериялық спортшы Айисат Орийомиді (9-1 6 КО) жеңуі болып табылады. Қазақстандық боксшы үшінші раундта техникалық-нокаутпен жеңіске жетті.