10.12.2024
Время чтения: 1 мин

Қазақстандық боксшы Аида Әбікеева Азия чемпионы атанды

IMG 8422

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Аида Әбікеева Азия чемпионы атанды. Бұл туралы SportPulse тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап хабарлады.

63 кг салмақ дәрежесіндегі финалда Аида Әбікеева вьетнамдық Лин Ха Тхимен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшы төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті (5:0).

Бұл – Қазақстан құрамасы үшін 2024 жылғы Азия біріншілігіндегі екінші алтын медаль. Осыған дейін Виктория Графеева 60 кг салмақ дәрежесіндегі финалда Қытай өкілі Ли Цяньді жеңіп, Азия чемпионы атанған еді.

Бүгін, 10 желтоқсанда тағы 3 қазақстандық боксшы финалда сынға түседі. Наталья Богданова таиландтық Байсон Маниконмен, Гүлсая Ержан украиналық Карине Айрапетянмен, ал Елдана Тәліпова өзбекстандық Олтиной Сотимбоевамен өзара мықтыны анықтайды.