24.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық биатлоншы қыздар әлем кубогы кезеңінде спринтте бақ сынады

IMG 9167

Антольц-Антерсельвада (Италия) биатлоннан әлем кубогының кезеңі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алғашқы жүлделер әйелдер спринтінде сарапқа салынды. Қатысушылар екі атыс желісімен 7,5 шақырымды бағындыру керек болды.

Франциялық Лу Жанмонно үздік нәтиже көрсетті. Екінші орын Селина Гротианға (Германия) бұйырды. Үздік үштікті Франциска Преусс (Германия) түйіндеді.

Қазақ әйелдері мынадай нәтиже көрсетті:

— Ольга Полторанина мәреге 78-ші болып келді;

— Полина Егорова 89-шы болып келді;

— Елизавета Белецкая мәреде 93-ші болды.