27.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық балуандар Албаниядағы турнирде үш медаль алды

Қазақстандық балуандар Албаниядағы турнирде үш медаль алды

Olympic.kz мәліметінше, Албания астанасында басталған халықаралық рейтингтік күрес турнирінде қазақстандық балуандар медальдармен көзге түсті.

86 келі салмақта Болат Сақаев финалға дейін жетті бірақ шешуші белдесуде (америкалық балуан Чендлер Марстеллерге) жол беріп — күміс жүлдегер атанды.

Турнирдің қола жүлдегерлері: 61 келі салмақта өнер көрсеткен Мұхаммед Балғабай және 86 келі салмақта белдескен Рұстам Мырзағалиев болды.