28.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстандық Асылқұлов Болгариядағы беделді турнирдің жартылай финалына шықты

Оразбек Асылқұлов Софияда (Болгария) өтіп жатқан Странджа-2025 кубогының ширек финалында сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Shaiba.kz.

57 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық боксшы Уэльс өкілі Оуэн Харрис-Алленмен кездесті. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті біздің спортшыға 4:1 есебімен берді.

Бұл жеңіс Асылқұловқа әлемнің шағын чемпионаты деп жиі аталатын беделді халықаралық турнирдің кем дегенде қола жүлдесін қамтамасыз етті. Атап өту керек қазақстандық боксшының еншісінде Чиангмайдағы Азия чемпионатының күміс медалі бар онда финалдық жекпе-жекте ол өзбекстандық боксшы — Миразизбек Мирзахалиловтан жеңілген болатын.