Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық Алмахан UFC 315 турнирінде «Суперменді» нокаутқа түсірді

Қазақстандық Алмахан UFC 315 турнирінде «Суперменді» нокаутқа түсірді

Монреальде өткен UFC 315 турнирінде Бекзат Алмахан (12-2) жергілікті жауынгер, «Супермен» лақап атымен танымал Брэд Катонамен (14-4) кездесті — деп хабарлайды Shaiba.kz.

Үш раундқа жоспарланған жеңіл салмақтағы жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды — қазақстандық жауынгер қарсыласын бірінші минутта-ақ нокаутқа түсірді.

Алмахан үшін бұл кәсіби мансабындағы он екінші жеңіс болса, Катона бесінші рет жеңіліске ұшырады. Атап өтерлігі, қазақстандық октагонға екінші рет шықты — оның дебюті бір жыл бұрын сол кезде жеңілісті білмеген Омар Нұрмағомедовпен (18-1) болған жекпе-жекте өтіп, ұпай санымен жеңілген еді.