Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық Алмахан «Суперменді» UFC турнирінде бір минутта нокаутқа түсірді

Қазақстандық Алмахан «Суперменді» UFC турнирінде бір минутта нокаутқа түсірді

Монреальдегі UFC 315 турнирінде қазақстандық жауынгер Бекзат Алмахан канадалық «Супермен» лақап атымен танымал Брэд Катонаны жеңді, деп хабарлайды Shaiba.kz.

Жеңіл салмақта қазақстандық спортшы — қарсыласына мүмкіндік қалдырмай, бірінші раундтың 63 секундында техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Бұл жеңіс Алмаханның (12-2) мансабындағы он екінші жеңісі болса, Катона (14-5) бесінші жеңілісін қабылдады. Атап өтерлігі, бір жыл бұрын қазақстандық UFC-дегі тұсаукесер кездесуінде жеңілмеген ресейлік Ұмар Нұрмагомедовтен төрешілердің бірауызды шешімімен жеңілген болатын.