Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық әлем чемпионының келесі жекпе-жегі ресми хабарланды

Қазақстандық әлем чемпионының келесі жекпе-жегі ресми хабарланды

Қазақстандық кәсіпқой былғары қолғап шебері Талғат Шайкеннің (9-0, 5 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні ресми түрде белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Талғат Шайкен ринг төріне 6 маусым күні көтеріледі. Боксшымыз «Алматы Аренада» өтетін All Stars Boxing 4 турнирі аясында жекпе-жек өткізетін болады. Қарсыластың есімі әзірге белгісіз.

Осыған дейін отандасымыз кәсіпқой бокстағы соңғы айқасында 2022 жылы тәжікстандық Сипехр Саидовты (0-1) нокаут арқылы жеңген болатын.

Талғат Шайкен – бокстан Азия чемпионы, WBC нұсқасы бойынша жастар арасындағы Әлем чемпионы. Сондай-ақ, ол 2018 жылы Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өткен жастар арасындағы ІІІ Жазғы Олимпиада ойындарында күміс жүлдегер атанды.