Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстандық Агапова жұдырықпен төбелес лигасында жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық Агапова жұдырықпен төбелес лигасында жекпе-жек өткізеді

Sport24.ru хабарлағандай, қазақстандық спортшы Мария Агапова жалаң жұдырықпен төбелес лигасында мансабын жалғастырады — ол Техаста өтетін BKFC 76 турнирінде Джессика Аймен кездеседі.

Жекпе-жек бір айдан кейін — 21 маусымда өтеді деп жоспарланған. Екі спортшы үшін де бұл UFC-ден кейінгі жаңа форматтағы дебют болмақ.

Джессика Ай — тәжірибелі қарсылас, ол 2019 жылы UFC-дің ең жеңіл салмақтағы чемпиондық атағына үміткер болған, бірақ Валентина Шевченкодан жеңілген. Төрт жеңілістен кейін америкалық спортшы промоушеннен 2022 жылы кетті.

28 жастағы Агапова өткен жылдың шілдесінде UFC-дегі өнер көрсетуін аяқтады — қазақстандық соңғы төрт жекпе-жекте тек бір рет жеңіске жетті.