Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Қазақстанда «Жайық» атты жаңа футбол клубы пайда болды

Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, Батыс Қазақстан облысында жаңа футбол клубы құрылды. Клуб «Жайық» атауымен аталып, Екінші лигада өнер көрсететін болады.

Кәсіби клубтар арасындағы жарыстарды өткізу дирекциясының басшысы Бахытжан Пазылхайыр «Nursultan Qurman» подкастында жобаның егжей-тегжейін түсіндірді:

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі идеяны қолдап, енді жаңа команда — «Жайық» құрылды. Бүгін «Ақжайық» ойыншылары осы командаға өтеді, жалақы бойынша қарыздар жабылады, команда Қазақстанның Екінші лигасында өнер көрсетеді деген шешім қабылданды. Оларға сәттілік тілейміз.

Жаңа клуб құру жобасы 2025 жылдың басында басталған. Сол кезде жергілікті билік Бірінші лигада өнер көрсеткен «Ақжайықты» ауыстыру жоспарын жариялаған болатын.