Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстанда ең танымал спорт түрі — футбол

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
казахстан

Туризм және спорт министрлігінің 2024 жылғы есебіне сәйкес, елімізде ең көп шұғылданатын спорт түрі — футбол. Онымен 1 113 299 адам айналысады. Қалған үздік төрттік мынадай:

  1. Волейбол — 767 580 адам
  2. Баскетбол — 541 819
  3. Футзал — 368 349
  4. Жеңіл атлетика — 347 654

Бұл көрсеткіштер Қазақстанда командалық ойындардың әлі де үлкен сұранысқа ие екенін дәлелдейді.