23.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстанда бокстан әлем кубогы өтеді

IMG 9146

Қазақстан бокс федерациясы мүшелікке өткен World Boxing ұйымы 2025 жыл бойынша өтетін ресми жарыстар күнтізбесін жариялады. Бұл туралы 1bol.kz жазды. Соның ішінде бірнеше кезеңнен тұратын әлем кубогының өтетін уақыты да белгілі болды.

Еліміздің бокс федерациясының мәліметінше, әлем кубогының екінші кезеңі 30 маусым мен 7 шілде аралығында Қазақстанда ұйымдастырылмақ.

Бокстан әлем кубогы – ерлер мен әйелдер арасындағы үздік боксшылар рейтингтік ұпайларды сарапқа салатын, бірнеше кезеңнен тұратын турнир сериясы болып бекітілген. Биыл жыл бойы үш кезең бойынша өткізіліп, қараша айында финалдық бәсекемен аяқталады.

Айта кететін жайт, биыл ересектер арасындағы әлем чемпионаты 4-14 қыркүйек күндері Ұлыбританияда өтеді.