Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы тарихында екінші рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы тарихында екінші рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды

Шымкент қаласындағы Beeline Arena ұлттық теннис орталығында Билли Джин Кинг кубогының Азия/Тынық мұхиты аймағы бойынша іріктеу жарысында жартылай финалға шыққан алғашқы команда анықталды.

16 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Қазақстан құрамасы ширек финалда Үндістанды жеңді. Алғашқы кездесуде Еркежан Жанатаева екі сағатқа созылған тартысты матчта Мундхе Аруннан басым түсті — 6:7 (3:7), 6:4, 6:3. Ал шешуші ұпайды Ева Корышева еншілеп, Аахан Ааханды 6:1, 6:1 есебімен жеңді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы қараша айында Чилиде өтетін жасөспірімдер арасындағы Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне жолдама алды. Былтыр бұл турнирде (Севилья, 2023) отандық теннисшілер 9-орын иеленген болатын.

Жартылай финалда Ярослава Шведова баптайтын команда ертең, 16 мамыр күні, Корея Республикасы мен Қытай Тайбэйі арасындағы кездесудің жеңімпазымен күш сынасады.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының демеушісі – Beeline Janymda.

Матчтарды қайда жүрсеңіз де тамашалаңыз, эмоциямен бөлісіңіз!