23.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан ұлттық құрамасы Уэльстен жеңіліс тапты

Уэльс астанасы Кардиффте өткен 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Уэльспен кездесті, деп хабарлайды Sport-pulse.kz.

Ойынның 9-минутында қорғаушылардың қателігін сәтті пайдаланған Даниел Джеймс есеп ашты. Көп ұзамай, 32-минутта доп Уэльс ойыншысының қолына тиіп, Қазақстан құрамасы пенальти орындауға мүмкіндік алды. 11 метрлік айып добын команда капитаны Асхат Тағыберген дәл орындап, есепті теңестірді.

Екінші тайм бастала салысымен Сорба Томастың бұрыштамадан асырған пасынан кейін Бен Дэвис баспен гол соқты. 90+1 минутта Уэльс ойыншысы Рабби Матондо кезекті голды соғып ойын нүктесін қойды. Осылайша, ұлттық құрама алаң иелеріне 3:1 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасының келесі матчы 26 наурызда Лихтенштейнмен сырт алаңда өтеді.