27.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан U19 құрамасы Еуро-2025 іріктеуін жеңіліспен бастады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

19 жасқа дейінгі Қазақстан ұлттық құрамасы футзалдан Еуро-2025 турнирінің іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчында Францияға есе жіберді.

Рикардо Кака жаттықтыратын команда қарсыластар қақпасына бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, есепті өз пайдасына өзгерте алмады. Франция құрамасы матч бойы допқа көбірек иелік етіп, басымдық танытты.

Қазақстан жастар құрамасы келесі ойынын Португалияға қарсы өткізеді. Кездесу ертең өтеді және біздің команда алғашқы ұпайына қол жеткізуге тырысады.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!