27.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан U19 құрамасы Еуро-2025 іріктеуін бастайды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Бүгін футзалдан Қазақстанның 19 жасқа дейінгі құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчын өткізеді. Біздің жігіттер Францияға қарсы ойнайды. Кездесу Астана уақытымен 20:00-де басталады.

Қазақстан 3-топта Франция, Португалия және Беларусь құрамаларымен бақ сынайды. Бұл іріктеу кезеңінде әр команда өзара кездесіп, топ жеңімпазы Еуро-2025 финалдық кезеңіне жолдама алады.

Қазақстан U19 құрамасы бұған дейінгі халықаралық турнирлерде жақсы нәтиже көрсетіп, өздерін мықты қарсылас ретінде танытқан.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!