21.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан U16 құрамасы Freedom QJ League B чемпионатына қатысады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан U16 құрамасы Freedom QJ League B чемпионатына қатысу туралы келісімге келді. Бұл жоба ФИФА мен Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) арасындағы әріптестік аясында іске асырылып, жасөспірімдер футболын дамытуға бағытталған, деп хабарлайды Freedom QJ League баспасөз қызметі.

2023 жылы ҚФФ таланттарды дамыту жөніндегі стратегиялық мақсаттар шеңберінде ФИФА-мен келіссөздер жүргізіп, өз бағдарламасын таныстырған. Нәтижесінде, әйгілі бапкер Арсен Венгер басқаратын High Performance департаментімен әріптестік орнатылып, Ұлттық футбол академиясы құрылды.

Қазақстан U16 құрамасы өз алаңындағы ойындарын Талғарда орналасқан Ұлттық құрамалардың оқу-жаттығу базасында өткізеді. Осылайша, команда Freedom QJ League B турниріне Алматы облысының аймақтық квотасы арқылы қатысады.

Жас ойыншыларға жаңа маусымда сәттілік тілейміз!

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!