03.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан шорт-трекшілері жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында төрт медаль жеңіп алды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан құрамасы Канаданың Калгари қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы шорт-трек бойынша әлем чемпионатын төрт медальмен аяқтады, деп хабарлайды Olympic.kz.

1000 метр қашықтықта қыздар арасында Алина Әжғалиева қола жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, ол 1500 метрлік финалдық жарыста төртінші орыннан көрінді.

Қазақстан әйелдер құрамасы эстафетада күміс медальға қол жеткізсе, ерлер құрамасы да жүлдесіз қалмады — олар эстафетада қола медаль иеленді.

Аралас эстафетада да қазақстандық шорт-трекшілер үшінші орынға тұрақтап, тағы бір қола жүлдені қоржынға салды.

Бұл нәтижелер жас спортшыларымыздың жоғары деңгейдегі бәсекеге дайын екендігін және шорт-трек спортының елде қарқынды дамып жатқанын көрсетеді.