28.03.2025
Оқу уақыты: 3 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан Премьер-лигасының үшінші туры: кім жеңеді, ал кім ұтылады?

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии
Қазақстан Премьер-лигасының үшінші туры: кім жеңеді, ал кім ұтылады?

Қазақстан Премьер-лигасының үшінші туры тартысқа толы болмақ. Бірі көшбасшылыққа ұмтылса, енді бірі алғашқы жеңісіне қол жеткізуге тырысып бағады. 29-30 наурыз күндері жеті қызықты матч өтпек. Білгірлер осы жолы орталық ойын «Тобыл» мен «Елімай» арасындағы текетірес болады дейді.

Фавориттер мықтылығын дәлелдей ала ма? Аутсайдерлерден не күтеміз? Sport Pulse порталына эксклюзивті сұхбат берген комментатор Виктор Кирилюк алдағы матчтарға қатысты пікір айтты:

Қайсар – Оқжетпес

– «Қайсар» маусымдағы алғашқы жеңісіне жетіп, аутсайдерлер аймағынан шыға ала ма?

– Алаң иелері өз ойынын әлі таба алмай жүр, ал көкшетаулықтар мұны өз пайдасына пайдалануы мүмкін. Алғашқы екі турда «Оқжетпес» жақсы әсер қалдырды. Бұл кездесуде қонақтар басымдық танытады деп сенемін, бірақ «қасқырлар» да тосын сый жасай алады.

Тұран – Қайрат

– «Қайрат» чемпионатты сәтті бастады. «Тұранға» қарсы матч алматылықтар үшін күрделі сынақ бола ма?

– Бұл ойында Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері үш ұпайды еншілеуі керек. Виталий Жуковский үшін халықаралық үзілістің болғаны қолайлы болды, өйткені клубта негізгі ауыс-түйістер ҚПЛ-дің басталуына жақын қалғанда жүзеге асырылды. Алайда, бұл уақыт командалық ойынды қалыптастыруға жеткіліксіз, сондықтан тәжірибе мен ұжымдық үйлесімділік маңызды. Бұл тұрғыда «Қайраттың» артықшылығы бар.

«Кайрат» ФК

Атырау – Ақтөбе

– «Атырау» өз алаңында жақсы өнер көрсетіп жүр, бірақ «Ақтөбе» қазіргі таңда көшбасшылар қатарында. Қос командадан қандай ойын күтеміз?

– Қаржылық мәселелер алаң иелеріне кедергі келтіруде, бірақ кейбір түйткілдер шешілген сыңайлы. Бірінші турдағы жақсы нәтиже – жеңіске кепілдік бермейді. Ал Ақтөбеде» жыл басынан бері тұрақсыздық бар: басшылық, жаттықтырушылар штабы, команда құрамы. Енді ары қарай не болады деген сұрақ мазалайды. Менің ойымша, бұл матчта 0:0 немесе 1:0 есебі тіркеледі.

Ұлытау – Жеңіс

– «Ұлытау» екі турда жеңіске жеткен жоқ, бірақ өз алаңында қауіпті болуы мүмкін. «Жеңіс» аяқдопшылары оларға лайықты қарсылық көрсете ала ма?

– Бұл матч ерекше қызық болғалы тұр. Тіпті фаворит осы команда болады деп айту қиын. Көрермен ретінде жай ғана жақсы футбол көргім келеді.

Астана – Жетісу

– «Астана» көшбасшылар қатарында, бірақ «Жетісу» күтпеген жерде тойсын сый жасай алатын команда. Талдықорғандықтар фавориттен ұпай алуы мүмкін бе?

– «Астананың» әлеуеті жеткілікті, сондықтан олар «Жетісу» аяқдопшыларына қарсы ойының басым бөлігінде допқа иелік етуі керек. Чемпионаттың басы және «Астананың» құрамы айтарлықтай өзгерген жоқ, бұл олардың пайдасына жұмыс істейді.

Сурет: instagram.com/jetisufk/ 

Ордабасы – Қызылжар

– Екі команда да чемпионатты сәтсіз бастады. Кезекті ойында қайсысы алғашқы жеңісіне қол жеткізеді?

– Көпшілік шымкенттіктер біріншілікті мықты бастайды деп болжады, бірақ ойындары әзірге көңіл көншітпейді. Егер олар кезекті матчта жеңіліс тапса, бұл дабыл қағарлық жағдай болмақ. «Қызылжардың» жоғалтатындай ештеңесі жоқ, ұпайды маусым барысында жинап алады. Сондықтан бұл матчтағы жеңіліс олар үшін үлкен мәселе болмайды. Тең ойын күтемін.

Тобыл – Елімай

– «Тобыл» сенімді түрде көшбасшылар қатарында келеді, ал «Елімай» тұрақсыздық танытуда. Қостанайда күтпеген нәтиже болуы мүмкін бе?

– Бұл – турдың орталық кездесуі. Қостанайлықтар өз алаңында тұрақты ойын көрсетуде және жеңіске жетуі тиіс. Бірақ бір мәселе бар: үзіліс кезінде басқа командалар кезекті матчқа бас бапкерлерімен бірге дайындалса, Нұрбол Жұмасқалиев ұлттық құрамаға көмектесіп жүрді. Бұл дұрыс емес. Қазір рұқсат етілгенімен, жазда күрделі сұрақтар туындайды және шешім қабылдау керек болады: «Кімсің?» және «Қайдасын?». «Тобыл» мен «Елімай» арасындағы ойында кез келген минималды есеп болады деп күтемін, бірақ «Тобылдың» пайдасына.

Сурет: instagram.com/fctobol/

Басты сурет: «Кайрат» ФК, Арман Жақсығұлов

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!