24.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан құрамасының жұлдызы үшін 5 миллион еуро ұсынылды

Қазақстан құрамасының жұлдызы үшін 5 миллион еуро ұсынылды

Бақтиер Зайнутдинов «Бешікташтан» кетіп, Ресей Премьер-Лигасына оралуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Инсайдер Сердар Сарыдагтың мәліметінше, ресейлік клубтардың бірі 27 жастағы футболшы үшін 5 миллион еуро ұсынған. Алайда әзірге «Бешікташ» бұл ұсынысқа жауап қайтарған жоқ.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы 2023 жылы тамызда мәскеулік ЦСКА-дан  4,5 миллион еуроға «Бешікташ» клубына ауысқан еді. Түркияға көшпей тұрып ол «Ростов», «Астана» және «Тараз» командаларында өнер көрсетті.

Осы маусымда Зайнутдинов ыстамбұлдық клуб сапында барлық турнирде 12 матч өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті.

Transfermarkt порталының мәліметінше, қазіргі уақытта Зайнутдиновтың нарықтық құны 3,3 миллион еуроны құрайды.