30.01.2025
Оқу уақыты: 2 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан құрамасының ойыншылары балалармен бірнеше шара өткізді

Қазақстан құрамасының ойыншылары балалармен бірнеше шара өткізді

Бұл күндері Қазақстан құрамасы Астанада Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобында плей-офф аясында Пәкстанмен ойынға дайындықты жалғастыруда.

Қалыптасқан дәстүрге сәйкес Қазақстан теннис федерациясы Қазақстан құрамасының балалармен бірнеше шарасын: корттарда теннистен шеберлік сағаты, қолтаңба сессиясы және «Асыл мирас» орталығында болуды ұйымдастырды.

Шеберлік сағатында әрбір кішкентай теннисші ұлттық құрама ойыншыларымен жеке танысып, ойын техникасы бойынша сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Жаттығудан кейін жас спортшыларға қолтаңба беріліп, олармен суретке түсіп, кәсіби ойыншылар жас әріптестеріне тілек-кеңестерін айтты. Мұндай шеберлік сағаттары балаларға айрықша әсер етеді. Осындай шаралардың арқасында тенниске қызығушылық арта түседі.
Шеберлік сағатына дамуында ерекшеліктері бар балалар да қатысты. Басты мақсаттың бірі – ерекшеліктеріне қарамастан, барлық балалардың жүгіріп, секіріп, ойнай алатынын көрсету. Оған қоса жекелей спорт түрлері олардың әлеуеті мен қарым-қабілетін ашуға жәрдемдеседі. Бұл балалардың көпшілігі биылғы мамыр айында-ақ интеллектуальдық дамуы бұзылған жандар арасында өтетін теннистен әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын өздерінің аға жолдастарына жанкүйер болады.

«Асыл мирас» орталығына Тимофей Скатов пен Александр Шевченко барды. Балалармен сөйлесіп, ойнады. Балалар ойыншыларға тілек жазып, жасағандарын тапсырды.

Қазақстанда 2014 жылдан бастап Болат Өтемұратовтың қоры аутизммен ауыратын балалар мен олардың отбасына көмектесуге арналған «Аутизм. Барлығы үшін әлем бір» бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Бағдарлама аясында Қазақстанның 12 өңірінде 13 «Асыл мирас» орталығы тегін жұмыс істейді. Бұл орталықтар балаларға білікті қызмет көрсетіп, ата-аналарын балаларын түсіне білуге оқытады. Бағдарлама жүзеге асырыла бастаған осы жылдар ішінде 16 мыңнан астам бала мен олардың отбасыларына қолдау көрсетілді.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!