Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиынына шақырту алған ойыншылар тізімі жарияланды

Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиынына шақырту алған ойыншылар тізімі жарияланды

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңі қарсаңында оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп жазады футбол комментаторы Ербол Қайыровтың авторлық телеграм-каналы.

Тізімге 22 ойыншы енді. Олар:

Қақпашылар:

  • Бекхан Шайзада («Ордабасы»)
  • Дінмұхаммед Жомарт («Жеңіс»)
  • Нұрасыл Тоқтаров («Атырау»)

Қорғаушылар:

  • Ұлар Жақсыбаев («Ордабасы»)
  • Ади Адамбаев («Елімай»)
  • Алмас Төлібай («Елімай»)
  • Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»)
  • Асқар Сатышев («Тұран»)
  • Амандық Набиханов («Атырау»)

Жартылай қорғаушылар:

  • Абылайхан Назымханов («Елімай»)
  • Серікжан Мужиков («Жетісу»)
  • Ален Айманов («Жетісу»)
  • Жаслан Жұмашев «Тобыл»
  • Наурызбек Жагоров «Тобыл»
  • Мейрамбек Қалмырза «Тобыл»
  • Данияр Үсенов «Тобыл»
  • Равиль Атыханов  («Атырау»)
  • Давид Есімбеков («Черноморец», Ресей)

Шабуылшылар:

  • Айбар Жақсылықов («Қайсар»)
  • Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»)
  • Айбар Абдулла («Ақтөбе»)
  • Алияр Мұхамед («Оқжетпес»)

Оқу-жаттығу жиыны 10-18 ақпан күндері Түркияның Белек қаласында өтеді. Бапкерлік штаб бұл жиынға ұлттық құрамаға үміткерлер мен жас ойыншыларды шақырды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы ӘЧ-2026 іріктеу кезеңін 22 наурыз күні сырт алаңда Уэльске қарсы ойынмен бастайды. Үш күннен соң Лихтенштейнмен кездесеміз. Екі ойын да сырт алаңда өтеді.

Сурет: ҚФФ | Алексей Сисенбин