13.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасының ойыншылары анықталды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан әйелдер құрамасы «Билли Джин Кинг Кубогы» командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде «D» тобында Аустралия және Колумбия құрамаларымен кездеседі. Матчтар Аустралияның Брисбен қаласында өтеді, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Юрий Щукин бастаған бапкерлік штаб мына теннисшілерге сенім артты:

  • Елена Рыбакина
  • Юлия Путинцева
  • Зарина Дияс
  • Анна Данилина
  • Жібек Құламбаева

10-сәуірде Қазақстан құрамасы Аустралиямен, ал 11-сәуірде Колумбия құрамасымен кездеседі.

Алты іріктеу тобының жеңімпаздары командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады. Оларға корт иелері – қытайлықтар мен 2024 жылғы әлем чемпионы Италия құрамасы қосылады. Сондықтан финалдық турнирге шығу үшін Юрий Щукин шәкірттеріне өз тобында бірінші орын алуы керек.

Әр топта 2-3 орын алған құрамалар аймақтық топтық бәсекелердің үздік командаларымен бірге плей-офф кезеңінде бақ сынайды.