11.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан құрамасының экс-шабуылшысы КХЛ-да тарихи рекорд орнатты

Shaiba.kz хабарлауынша, КХЛ тұрақты чемпионатының «Адмирал» мен «Авангард» арасындағы матчында тарихи оқиға орын алды – Егор Петухов клубтың жаңа рекордын орнатты.

Қиыр Шығыс клубының шабуылшысы осы маусымдағы 22-ші шайбасын соғып, он жыл бойы сақталған рекордты жаңартты. Бұған дейінгі үздік көрсеткіш 2014/15 маусымында швед хоккейшісі Никлас Бергфорсқа тиесілі еді (21 шайба).

Бұл жетістік Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Петухов үшін ерекше маңызды болды. Ол КХЛ-дың осы маусымында өзінің жоғары шеберлігі мен нәтижелілігін дәлелдеп, команда тарихына өз есімін жазды.
Дегенмен Петухов командасы өз үйінде жеңіліс тапты: «Адмирал 2-5 Авангард»