Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Қазақстан құрамасының экс-ойыншысы «Алтайға» жолдастық кездесуде жеңіс әкелді

Sportnews.kz хабарлауынша, Шымкентте маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындары аясында Бірінші лиганың екі клубы жолдастық кездесу өткізді. Өскемендік «Алтай» «SD Family» командасымен ойнап, матч тағдырын жалғыз гол шешті.

Кездесудің 42-минутында ұлттық құраманың бұрынғы шабуылшысы Сергей Хижниченко көзге түсті. 2009-2020 жылдар аралығында Қазақстан құрамасында ойнаған 33 жастағы футболшы өскемендік клубқа жеңіс сыйлады. Оның дәл соққысы маусым алдындағы бұл ойында шешуші голға айналды.