Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан құрамасының экс-бапкері РПЛ турында үздік деп танылды

Қазақстан құрамасының экс-бапкері РПЛ турында үздік деп танылды

Transfermarkt мәліметі бойынша, Мәскеу облысының «Химки» командасының бапкері Магомед Адиев Ресей Премьер-Лигасының 29-шы турының үздік бапкері атанды.

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкерінің жетекшілігімен Мәскеу облысының командасы — Қазан «Рубинін» 3:2 есебімен жеңіп, маманның «Химки» тізгінін ұстағалы бергі алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Тур үздігі болып «Химки» футболшысы Александр Руденко — командасының жеңісіне елеулі үлес қосқан ойыншы танылды.

Айта кетейік, Магомед Адиев жарты жыл бұрын Қазақстан ұлттық құрамасын басқарған — оның жетекшілігімен команда 21 матч өткізіп, 11 рет жеңіске жеткен болатын.