Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Қазақстан құрамасының экс-бапкері «Атырауды» басқаруы мүмкін

Қазақстан Футбол Федерациясы президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман Магомед Әдиевтің «Атырау» клубының бас бапкері қызметіне тағайындалуы мүмкін екенін хабарлады.

Атырауда жаңа бапкер. Бүгін «Атырау» клубының бас менеджері Дидар Сыдықбекпен кездестім. Клубтағы жағдайға қатысты көптеген толғандырған сұрақтарға жауап алдым. Басты инсайд: «Атырау» футбол клубы ресейлік маман Мағомед Әдиевпен келіссөздер жүргізуде. Жақын арада оны жаңа қызметке тағайындау күтілуде

Магомед Әдиев бұған дейін Қазақстан ұлттық құрамасы мен Грозныйдің «Ахмат» клубын жаттықтырған, енді маман мұнайлы шаһардың клубымен келісімшартқа қол қоюға жақын.

Қазақстан чемпионатының төрт турынан кейін «Атырау» турнир кестесінде оныншы орында тұр. Команда бір жеңіс пен үш жеңілістен кейін үш ұпай жинап отыр.