Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан құрамасының бапкері Олимпиада күміс жүлдегерінің формасын бағалады

Қазақстан құрамасының бапкері Олимпиада күміс жүлдегерінің формасын бағалады

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сатжанов Астанада өтетін World Boxing Әлем Кубогы кезеңіне Нұрбек Оралбайдың дайындығы туралы ақпарат берді.

Нұрбектің дайындығы өте жақсы. Жақында біз Кисловодскіде оқу-жаттығу жиынында болдық, онда Ресей, Өзбекстан, Беларусь елдерінен мықты боксшылар болды. Нұрбек бәрімен жұптасып жаттығып, өте сенімді көрінді. Әлем Кубогы кезеңіне ол оңтайлы формада келеді деп ойлаймын

24 жастағы Нұрбек Оралбай — қазақстандық бокстың көшбасшыларының бірі: өткен жылы ол Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанса, бір жыл бұрын әлем чемпионы атағын жеңіп алған.

Қазақстандық команда Астанадағы Әлем Кубогы кезеңіне дайындалуда — ұлттық құрама барлық он салмақ дәрежесінде өкілдерімен қатысады.