Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен жолдастық матч өткізеді

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии
Қазақстан құрамасы Өзбекстанмен жолдастық матч өткізеді

2025 жылы Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанға қарсы жолдастық матч өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман Sport Pulse YouTube-арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, кездесу күз айларында елдің оңтүстігіндегі стадиондардың бірінде – Шымкент немесе Түркістан қалаларында өтуі мүмкін.

«Қазіргі уақытта келіссөздер жүргізілуде. Өзбекстанмен жолдастық матч осы күзде өтуі мүмкін. Біз Шымкент пен Түркістанды ықтимал алаң ретінде қарастырып отырмыз. Бұл — жылды қортындылайтын ойын болмақ», – деді Нұрсұлтан Құрман.

Жаңалыққа толы болған сұхбаттың толық нұсқасын  Sport Pulse Youtube-арнасында көруге болады.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!