Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Қазақстан құрамасы маутинбайктан күміс жүлде алды

Қытайда өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы маутинбайктан күміс жүлде алды, — деп хабарлайды Sport12.kz.

Аталған жарыста ел намысын Богдан Лұқманов, Виолетта казакова, Флексей Фефелов, Юля Ли, Алина Карасёва, Денис Сергиенко қорғады.

— Қытайда Азия чемпионаты ресми түрде басталды. Ұлттық құрама жарысты олимпиадалық емес бағдарламадағы эстафетадан бастады. Алдағы күндері олар олимпиадалық кросс-кантри сайысында бақ сынайды, — деп мәлім етті ҚР Дене шынықтыру және спорт комитетінен.

Құрлықтық дода Қытайдың Гуйчжоу қаласында 23-27 сәуір аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы сапына Егор Карасёв, Ілияс Рахимов, Никита Галкин, Алексей Фефелов, Алдер Ергешов, Богдан Лухманов, Алина Карасёва, Татьяна Генелева, Юлия Ли, София Мамева, Татьяна Чакилёва, Константин Казаков және Виолетта Казакова енгізілген.