26.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан құрамасы Лихтенштейнді сырт алаңда жеңді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Лихтенштейнмен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Матч 2025 жылдың 25 наурызында Вадуц қаласындағы «Рейнпарк» стадионында өтті.

Ойынның бірінші таймында Қазақстан құрамасы екі гол соқты. 42-минутта Максим Самородов есеп ашты, ал 45+1-минутта Александр Марочкин дәл соққы жасап, есепті 2:0-ге жеткізді.

Айта кету керек, бұл кездесуде 16 жастағы жас талант Дастан Сатпаев ұлттық құрама сапында алғаш рет негізгі құрамда алаңға шықты. Ол бұған дейін үш күн бұрын Қазақстан құрамасы сапында ең жас дебютант ретінде тарихқа енген болатын.

Бұл жеңіс Қазақстан құрамасына іріктеу кезеңіндегі алғашқы үш ұпайды әкелді, ал Лихтенштейн құрамасы өз алаңында ұпай ала алмады. Келесі матч маусымың тоғызы күні Астанада Солтүстік Македониямен өтеді.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!