28.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан құрамасы қорғаушысының командасы бір күнде екі рет жеңіліп қалды

Санкт-Петербургтің «Зенит» командасы бүгін Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан қысқы оқу-жаттығу жиынында екі матч өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп өнер көрсететін, бірнеше дүркін РПЛ чемпионы атанған «Зенит» бір күнде екі ойын өткізді.

Алайда, қос кездесуге де Нұралы Әліптің есімі өтінімге енбеді. Оның клубы алдымен мәскеулік «Динамо» (1:3), кейін армениялық «Ноадан» (1:2) жеңілді. Бұған дейін Сергей Семака шәкірттері Жаңа жылдан бері жеңіліссіз келе жатқан болатын.