Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан құрамасы футболшысының «Оқжетпестегі» жалақысы белгілі болды

Қазақстан құрамасы футболшысының «Оқжетпестегі» жалақысы белгілі болды

Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз қызметінің жетекшісі Ермұхамед Мәулен көкшетаулық «Оқжетпес» жартылай қорғаушысы Аслан Дарабаевтың жалақысы туралы ақпаратты жария етті, деп хабарлайды Fonteam.

Командада ол ең жоғары жалақы алатын екі ойыншының бірі болды. «Оқжетпесте» өздеріңіз білесіздер, жалақылар өте төмен. Шамамен 1 миллион 250 мың теңге, тіпті үш миллионға да жетпейді. Өте ауыр жағдай, — деді Мәулен.

Аслан Дарабаев — тәжірибелі футболшы, Қазақстан чемпионаттарының сегіз дүркін жүлдегері — 2022 жылы «Астана» құрамында ел чемпионы атанған. Ұлттық құрамадағы он жылдық мансабында 24 ойын өткізіп, бір гол соққан.