Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан құрамасы биатлоннан «Әлем кубогының» кезеңінде үздік нәтиже көрсете алмады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстан құрамасы биатлоннан «Әлем кубогының» кезеңінде үздік нәтиже көрсете алмады

Чехияның Нове-Место қаласында биатлоннан «Әлем кубогының» кезеңі басталды. Алғашқы жарыс — ерлер арасындағы 10 шақырымдық спринт болды.

Қазақстан құрамасынан төрт спортшы қатысып, олардың ішінде үздік нәтижені Владислав Киреев көрсетті. Ол 64-орынға тұрақтады.

Қалған спортшылардың нәтижелері: Асет Дюсенов — 78-орын, Вадим Куралес — 87-орын, Кирилл Бауэр — 91-орын.

Жарыстың жеңімпазы француз Эмильен Жаклен атанды. Күміс медальды итальяндық Томассо Джакомель иеленсе, норвегиялық Йоханнес Бе қола жүлдеге қол жеткізді.