10.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Австралиядан басым түсіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Австралиядан басым түсіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Қазақстан құрамасы командалық әлем чемпионатының «D» тобындағы іріктеу кезеңінде Австралияны мерзімінен бұрын жеңіп, топ көшін бастады.

Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 10-орында) қиын кездесуде Кимберли Биреллді (WTA – 61) 6:3, 7:6 (7:4) есебімен жеңді. Екінші сетте Рыбакина 1:5 есебімен ұтылып жатқанымен, керемет камбэк жасап, матчты тай-брейкте аяқтады. Бұл — Еленаның Қазақстан құрамасы сапындағы 10 жекелей кездесудің сегізінші жеңісі.

Осылайша, Қазақстан «D» тобында көш бастады. Күннің үшінші матчында Анна Данилина мен Жібек Құламбаева жұптық сында Сторм Хантер мен Эллен Переске қарсы ойнайды.

Beeline Janymda — матчтарды қай жерде болсаңыз да тамашалап, әсеріңізбен бөлісіңіз!