15.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан Кубогының жартылай финалына шыққан командалар анықталды

Қазақстан Кубогының жартылай финалына шыққан командалар анықталды

Қазақстан Кубогының ширек финалдық ойындарының қорытындысы бойынша келесі кезеңге өткен командалар анықталды.

Ширек финалда «Ордабасы» өз алаңында «Қайратты» 1:0 есебімен жеңді, «Қызылжар» пенальти сериясында «Елімайдан» 3:1 есебімен басым түсті, елордалық «Женіс» те пенальти сериясында «Астананы» 4:3 есебімен ұтты, ал «Тобыл» сырт алаңда «Тұраннан» 2:0 есебімен айқын жеңіске жетті.

Жартылай финалдық жұптар келесідей:

  • «Қызылжар» — «Ордабасы»
  • «Тобыл» — «Женіс»

Алғашқы ойындар маусым айының соңында, қайтару кездесулері тамыз айының соңында өтеді, ал финал қараша айының басына жоспарланған. Қалған командалар арасында ең көп трофей — үш рет — «Женісте», «Тобыл» мен «Ордабасы» кубокты екі реттен жеңіп алған, ал «Қызылжар» әзірге бұл титулға ие болған емес.