24.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан кубогының үздік шабуылшысы анықталды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Қазақстан футзал кубогының 2024/25 маусымындағы ең үздік шабуылшысы белгілі болды, деп хабарлайды Kazfootball.

Турнирдің ең үздік сұрмергені атағын «Семей» командасының шабуылшысы Андерсон Алвес иеленді – ол 12 гол соқты. «Қайрат» ойыншысы Родриго Денер 8 голмен екінші орын алды, ал оның командаласы Арриета 7 голмен үздік үштікті түйіндеді.

Бомбардирлер тізімі:

  • 12 гол – Андерсон Алвес («Семей»)
  • 8 гол – Денер («Қайрат»)
  • 7 гол – Арриета («Қайрат»)
  • 5 гол – Жеферсон («Аят»), Алиссон Невес («Қайрат»), Кандидо («Семей»)
  • 4 гол – Иманалин, Рейс Кардосо (екеуі де – «Ақтөбе»), Карпюк («Астана»), Серегин («Каспий»), Тұрсағұлов («Қайрат»)
  • 3 гол – Игор Мартинс, Маринкович, Валиуллин (барлығы – «Аят»), Эдсон («Қайрат»), Әділов («BS Team»), Герейханов («Семей»), Талао, Бердалин (екеуі де – «Астана»), Дуглас Риси («Каспий»)

Еске сала кетейік, Қазақстан кубогының финалында «Семей» «Қайратты» 5:1 есебімен жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанды. Шешуші ойында Андерсон Алвес бір гол соқты

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!