23.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан кубогының негізгі кезеңіне жолдама алған барлық командалар анықталды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Қазақстан кубогының негізгі кезеңіне жолдама алған барлық командалар анықталды

Қазақстан кубогының іріктеу кезеңі аяқталып, турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алған барлық командалар анықталды.

Премьер-лига өкілдеріне қосымша іріктеу кезеңінің жеңімпаздары – «Хан-Тәңірі» мен «Каспий» қосылды.

Жеребе нәтижесінде 1/8 финалдың жұптары белгілі болды:

  • «Қызылжар» – «Қайсар»
  • «Ұлытау» – «Семей»
  • «Хан-Тәңірі» – «Ордабасы»
  • «Қайрат» – «Каспий»
  • «Тұран» – «Атырау»
  • «Тобыл» – «Жетісу»
  • «Жеңіс» – «Ақтөбе»
  •  «Оқжетпес» – «Астана»

Келесі кезеңнің матчтары 12-13 сәуірде өтеді.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!