Оқу уақыты: 1 мин

Қазақстан конькимен жүгіруден Әлем кубогының кезеңінде үшінші орын алды

IMG 9247

Канаданың Калгари қаласында конькимен жүгіруден Әлем кубогының кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасы бұл жарыста бір медальға қол жеткізді. Бұл туралы prosports.kz жазды.

Әйелдер арасындағы командалық спринтте қазақстандық спортшылар қола медаль жеңіп алды. Бұл бағдарламада ел намысын Надежда Морозова, Кристина Силаева және Дарья Важенина қорғады.

Алтын медальді Канада құрамасы жеңіп алса, екінші орынды Польша иеленді.