Оқу уақыты: 3 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Қазақстан командасы Lamborghini жарысында екі медаль жеңіп алды

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

11-13 сәуір аралығында Lamborghini Super Trofeo Europe чемпионатының бірінші кезеңі өткен Францияның оңтүстігіндегі Поль Рикар жолында Қазақстанның туы екі рет желбіреді.

2025 жылдың маусымы Поль Рикар жолында бірінші жарысқа өткен 14 команданың қатысуымен басталды. Ол 50 спортшы 33 көлік жүргізіп күш сынасты деген сөз.

ArtLine Kazakhstan командасының атынан 2024 жылдың Lamborghini Cup классының чемпионы Шота Абхазава басқарған бір көлік өнер көрсетті. Жаңа маусымда ол АМ (әуесқойлар) классына көшіп, сөрелі нөмірін №12 ауыстырды.

Шота іріктеу жарыстарын 5-ші орында аяқтады, сондықтан сенбіде, 12 сәуірде, бірінші жарысты ол өте ыңғайсыз сатыдан бастады, бірақ басынан бастап Польшаның жарысшысы Адриан Левандовскиден (№5, GT3 Poland командасы) кейін екінші орынға озып шыға алды. Пит-стоптан кейін жарыстың 30 минутында Шота бірінші орынға шығып, класста тіпті мәреге дейін бірінші келе жатты. Бірақ… мәренің сызығына жетейін деп қалғанда Левандовски Шотаны 0,2 секундқа озып, жеңісті тартып алды.


Жексенбіде, 13 сәуір күні бірінші кезеңнің екінші жарысы өтті. Онда Шота Абхазаваның сатысы ыңғайлы болды. Ол жеңімпаз Адриан Левандовскидің артында тұрып жарысты бастады.

Жарыс басталғаннан кейін алғашқы айналымдарда Шота қарсыласын басып озып, пит-стоп сериясына дейін жарыстың бірінші жартысында бірінші болып келе жатты. Бірақ мәреге 6 минут қалғанда жеңіс үшін керемет және қызу тартыста Адриан мен Шота Францияның жылдам спортшысы Стефан Трибаудиниді (№66, VSR командасы) алға жіберді. Стефан өз елінде өтіп жатқан жолда сенімді көрінді және қарсыластарынан алыс кетіп, оларға екінші орын үшін күресті берді. Осы жолы тағы да жарыстың соңғы айналымдарында Шота Польшаның спортшысына жеңіліп, мәреге үшінші болып келді.

Нәтижесінде, ArtLine Kazakhstan командасы үшін маусым екі жүлделі орынмен басталды. Қазақстанның туы марапаттау подиумында екі рет көтерілді.

Алда Еуропаның белгілі жолдарында өтетін чемпионаттың бес кезеңі күтуде. Келесі кезең 30 мамыр мен 1 маусым аралығында Италияның «Monza» жолында өтеді.

Команда туралы

ARTLine жарыс командасы 1998 жылы құрылды. ARTLine Engineering – бұл командамен бір уақытта құрылған спорт жабдықтарды, соның ішінде ArtTech брендімен шығатын халықаралық «Формула 3» жарыс автомобильдерін жобалайтын және жасайтын конструктор бюросы. Ширек ғасыр бойы жұмыс барысында бюрода 20-дан астам жарыс автокөліктерінің жобасы жасалынды, 30-дан астам жарыс автокөліктері шығарылды, оның 17-сі халықаралық класстағы көліктер. Ал команда 9 әлемдік жарыс сериясына қатысты.

Команданың негізін қалаушысы Шота Мерабұлы Абхазава – Қазақстан кәсіпкері, біздің елімізде де, шетелде де мұнай-газ нарығына көлік және басқа да қызметтерін көрсететін TEXOL компаниясының басшысы. Компания Қазақстандағы газ цистерналары мен басқа да теміржол вагондарының ең ірі паркінің иесі.

2015 жылы Шота Абхазава Lamborghini Super Trofeo Europe ең беделді шанақ моно-сериясының AM классының чемпионы атанды, ал 2019 жылы ол PRO-AM классында жеңіске жетті. 2023 жылдың қараша айында ол Италияның Валлелунга жолында өткен Lamborghini Super Trofeo 2023 әлемдік финалында жеңімпаз болды. 2024 жылы Lamborghini Cup классында маусым чемпионы атанды.

Жарыстар туралы

Lamborghini Super Trofeo – Lamborghini Squadra Corse ұйымдастырған халықаралық чемпионат, 3 континент сериясынан тұрады: Еуропа, Азия және Солтүстік Америка. Серияда 6 кезең бар. Әр кезеңде 50 минуттық екі жарыс өткізіледі. Әлемдегі ең беделді жолдарында өтіп, чемпиондар анықталып, əлемдік финалмен аяқталады.

Lamborghini Super Trofeo жарысшылары бірдей Lamborghini Huracán Super Trofeo Evo автокөліктерінде жарысады және категорияларға бөлінеді: PRO Cup – кәсіби жарысшылар, PRO-AM – кәсіби және әуесқой спортшылар қатысады, AM Cup — кәсіпқой емес жарысшылар және Lamborghini Cup – жеке жарыс 50+ жас аралығында өткізіледі.

2024 жылғы маусымның финалы кезінде Херес (Испания) жолында қатысушылардың рекордтық саны жиналды – 21 елден 121 спортшы күш сынасты.

2025 жылы әлемдегі жалғыз брендтің ең жылдам трофейі болып саналатын Lamborghini Super Trofeo өзінің 17 жылдығын атап өтеді.